ҚР ҒЖБМ Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

611 721

Жалпы біліктілік талаптары

С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

«Е-Минфин» АЖ-де, 1С Бухгалтерия, Қазынашылық-Клиент, «Бюджет» АЖ-де, «Мемлекеттік жоспарлаудың бірыңғай жүйесі» АЖ-де бағдарламалармен компьютерде жұмыс істей білу.

Функционалды міндеттер

Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жартыжылдық, жылдық бюджеттік және қаржылық есептілігін қабылдауды және өңдеуді жүзеге асыру; Министрліктің орталық аппараты бойынша жартыжылдық және жылдық бюджеттік және қаржылық есептілікті жасау; белгіленген мекенжайлар мен мерзімдерде шоғырландырылған бюджеттік және қаржылық есептілікті жасау және ұсыну; мемлекеттік сатып алу порталында және қағаз жеткізгіштерде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілерін келісу; Министрліктің орталық аппараты бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің дебиторлық және кредиторлық берешегі бойынша тоқсандық есептерді өңдеу; белгіленген мекенжайлар мен мерзімдерде дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша шоғырландырылған есептілікті жасау және ұсыну; белгіленген мекенжайлар мен мерзімдерде басқару бойынша есептілікті ұсынуды үйлестіру; жалақыны, демалыс ақысын, сыйлықақы төлемдерін, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды және демалысқа сауықтыру үшін жәрдемақыларды; әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік салықты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы және сапалы есептеу және аудару; жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару, кейіннен еңбек бойынша салық және статистикалық есептілікті табыс ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға, Төлем шоттарына, хабарламаларға, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу өтінімдеріне, шетел валютасымен ақша аударуға арналған өтініштерге, шетел валютасын айырбастауға және қайта айырбастауға арналған өтінімдерге, қаржыландыру жоспарларына, қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы өтінімдер мен анықтамаларға және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында қарастырылған басқа да құжаттарға екінші қол қою құқығы, Министрліктің балансындағы негізгі құралдардың және тауар-материалдық қорлар есебін, қозғалысы мен есептен шығару жұмыстарын шоғырландыру, орталық аппарат бойынша дебиторлармен және кредиторлармен өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және ҚР ҚМ Қазынашылық Комитетімен іс-қимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.08.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.08.2024 – 28.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33