ҚР ҒЖБМ Ішкі аудит департаментінің Аудиторлық іс-шаралар және мониторинг басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асыру;Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің стратегиялық жоспарының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы аумақтарды дамыту бағдарламалардың мақсатттары мен міндеттеріне қол жеткізуін, оның ішінде дамуға арналған нысаналы трансферттерді іске асыруды қоса бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдауды жүзеге асырады;жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындыларына жүйелі талдау жүргізу, тәуекелдер өлшемдерін өзектендіру, Департаменттің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және жұмыс жоспарын әзірлеуді, орындауды және орындалуына мониторингті жүзеге асыру; мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі жіберу; тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит объектілерінен алынатын ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру; тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің жылдық тізбесін қалыптастыру;жүйелік негізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, соның ішінде ІАҚ-ның деректерін, міндетті орындалатын ұсынымдары мен ескертпелердің орындалу мониторингін жүзеге асыру;Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысына, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысының алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есепті дайындауға қатысу; бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын уақтылы және толық көлемде орындау;Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33