ҚР ҒЖБМ Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік тапсырыс басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары» АЖ жұмыс істей білуі.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыруға; Тиісті жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарланатын шығыстар бойынша егжей-тегжейлі таратып жазыла отырып, министрлікті қаржыландырудың ұсынылған бекітілген жеке жоспары (тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы) негізінде Министрліктің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлейді және бекітуге ұсынуға; Саты алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуметті өнім берушілеріне қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған бекітілген тезистік ерекшеліктер мен біліктілік талаптары бойынша ашық конкурс, екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс, алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу туралы бұйрықтың жобасын әзірлеу; Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ұсынылған бекітілген техникалық ерекшеліктері бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу туралы қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жобасын әзірлеуге; Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық (аукциондық) құжаттамасының сәйкестігін тексеру бойынша конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмысын және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды (аукциондарды) өткізу рәсімін және өзге де рәсімдерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәсілдермен өткізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушілермен Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Министрліктің бекітілген жеке қаржыландыру жоспары (тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы) негізінде ұсынылған мемлекеттік білім беру тапсырысының жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге ұсынуға; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және құқықтық актілеріне сәйкес Министрліктің мемлекеттік білім беру тапсырысының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысының рәсімдерін ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етуге; Қолданыстағы заңнаманы сақтай отырып, Министрдің, аппарат басшысының, вице-министрлердің және Департамент басшылығының тапсырмаларын, бұйрықтарын, өкімдерін орындау және бағынуға. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне кеңес беруге; Министрлікте құрылатын жұмыс топтарының құрамына қатысуға; Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған қолжетімділігі шектеулі ақпаратты құпия сақтауға; Тікелей пайдалануға берілген мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге; Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33