ҚР ҒЖБМ Экономика және қаржы департаменті Бухгалтерлік есеп және жиынтық есептілік басқармасының бас сарапшысы № 08-01-04

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Е-Минфин» АЖ-де, 1С Бухгалтерия, Қазынашылық-Клиент АЖ-де бағдарламалармен компьютерде жұмыс істей білу.

Функционалды міндеттер

Министрліктің теңгеріміндегі негізгі құралдардың есебін жүргізу материалдық құндылықтарға, негізгі құралдарға және тауарлық - материалдық қорларға түгендеу жүргізу, мүлікті мемлекеттік мүлік тізіліміне паспорттау және қайта бағалау; негізгі қорлардың жай-күйі туралы статистикалық есептілік жасау; бухгалтерлік есептің жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемориалдық ордерлер ресімдеу; бухгалтерлік есептің жетекшілік ететін бағыттары бойынша жартыжылдық және жылдық бюджеттік және қаржылық есептілікті жасауға қатысу Министрліктің орталық аппаратына; орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерін 1 С базасына енгізу (тарату), Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен салыстыру; 1 С базасында дебиторлармен және кредиторлармен өзара есеп айырысуларды есепке алуды жүргізу, белгіленген мерзімдерде бере отырып, аванстық төлемдер бойынша жеткізушілермен есеп айырысулардың талдамалық есебін жүргізу; ЭҚЖЖ электрондық есебін жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.08.2024 – 12.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33