Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігініңЖоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Статистика және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдарының қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Дефектология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • География
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Қаржы
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика
  • Білім: биология
  • Мемлекеттік аудит
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Тарих-Дінтану

Функционалды міндеттер

Комитет, басқарманың жұмыс жоспарында көрсетілген тапсырмаларды және Комитет пен басқарма басшысының тапсырмасын уақытында және сапалы орындауға; стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға ұсыныстарды әзірлеуге; ведомстволық жоғары оқу орындарының статистикалық көрсеткіштерін жинауды және өңдеуді; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша статистикалық базаны қалыптастыру; жоғары оқу орындарының 3НК, 1НК мемлекеттік статистикасын жинақтау және өңдеуге; наградаларға ұсыну үшін жоғары оқу орындарының оқытушы профессорлар құрамы бойынша тізімді қалыптастыруға; Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлары мен проректорлары үшін шет елдерге іссапарларға рұқсаттар беру; Комитет жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді үйлестіру; Министрліктің алқа отырысы Мнистрліктің басшыларына талдау материалдары мен анықтамаларды, есептерді дайындауға; азаматтарды қабылдауды өткізу, жеке және заңды тұлғалардың олардың құзыретіне жататын сұрақтары бойынша жазбаша өтініштерін дер кезінде толық қарау, Қазақстан Республикасының заңдары мен белгіленген тәртіп бойынша мерзімінде жауапты жіберуге.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.03.2024 – 08.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 МБ

Сұхбаттасу күні

12.04.2024

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33