ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Бюджеттік жоспарлау және қаржы басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін
орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық
және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық
құжаттарды білу, «Е-Минфин» АЖ-де, 1С
Бухгалтерия, Қазынашылық-Клиент АЖ-де
бағдарламалармен компьютерде жұмыс істей
білу, «Бюджет» АЖ-де, «Мемлекеттік
жоспарлаудың бірыңғай жүйесі» АЖ-де
бағдарламалармен компьютерде жұмыс істей
білу
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар
бойынша бюджеттік өтінімдерді жоспарлауды
және дайындауды және оларды ҚР Қаржы
министрлігінде келісуді жүзеге асырады;
әкімшілік берілетін бюджеттік бағдарламалар
бойынша республикалық бюджетті жоспарлау
жөніндегі ақпараттық жүйелерге деректерді
енгізеді; жетекшілік ететін бюджеттік
бағдарламалар бойынша шарттарға бұрыштама
қояды; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама
бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарын
бекітуге қатысады; жетекшілік ететін бюджеттік
бағдарлама бойынша материалдарды жоғары
ғылыми-техникалық комиссияның қарауына
дайындайды. ҚР Үкіметі құзыреті шеңберінде;
әкімшілік бюджеттік бағдарламалар мен кіші
бағдарламаларды іске асыру мақсатында
нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын
қалыптастырады, міндеттемелер мен төлемдер
жөніндегі комитеттің жеке қаржыландыру
жоспарын қалыптастыруды жүзеге асырады,
міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке
қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізеді,
құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Басқарма
басшылығының, Комитеттің өзге де
тапсырмаларын орындайды
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғ, 8, Министрліктер үйі ғимараты, 11 кіреберіс
-
74-24-33