ҚР ҒЖБМ Цифрлық және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті Цифрлық трансформациялау басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Министрліктің, Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында айқындалған тапсырмалардың, сондай-ақ Департамент басшылығының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Министрліктің заманауи ақпараттық технологияларын, цифрландыруды және техникалық құралдарын енгізу саласындағы республикалық бағдарламаларды іске асыруға қатысу; Министрліктің цифрландыру және ақпараттандыру шеңберінде бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын іске асыруға қатысу; Ақпараттандыру саласындағы заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ басқарма қызметі саласындағы басқа да актілердің жобаларын келісуге қатысу; Министрліктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру және дамыту мәселелеріне қатысты мемлекеттік сатып алуды өткізу процесіне қатысу; Министрліктің «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау, ақпараттық жүйелердің архитектурасын, Министрліктің қызметі мен деректерін қалыптастыру жөніндегі жұмысын үйлестіру; Министрліктің ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін, құрылымдық бөлімшелер мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
74-24-33