ҚР ҒЖБМ Ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмысы департаментінің Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Әскери іс
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Құпия іс қағаздарын жүргізу, мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге ресімделуге жататын қызметкерлер лауазымдарының номенклатурасын әзірлеу, мемлекеттік құпияларға рұқсатты ресімдеу, қайта ресімдеу рәсімін жүргізу, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы жұмыс туралы жыл сайынғы есептерді дайындау; Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелеріне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу; құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына ұсыныс енгізу, құзыреттер мен функционалдық міндеттер шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33