ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ынтымақтастық және Протокол басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Мүмкіндігінше шет тілін білуі.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тұрақты негізінде іске асыруды үйлестіру және бақылау; шетелдік әріптестермен ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар, келісімдер, хаттамалар, меморандум жобаларын әзірлеу және сараптама, оларға қол қою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, олардың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүзеге асыруға; ғылым саласындағы халықаралық шарттар, келісімдер, хаттамалар, меморандум жобаларын әзірлеу және сараптама шеңберінде міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге; Министрліктің ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативті құқықтық актілерді, Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрықтарын дайындауға; үкіметаралық комиссиялар, жоғары білімді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, сондай-ақ жоғары білімді дамыту жөніндегі стратегиялық жоспар шеңберінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша есептер мен сараптамалық материалдарды даярлауға; жоғары білім саласындағы сыртқы байланыстарды дамыту бойынша бағдарламаларды, ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу және құруға қатысуға; Беларусь, Молдова, Украина, Грузия, Армения елдерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен (Дүниежүзілік банк, АДБ, ЕҚДБ, АХҚО) ынтымақтастықтың негізгі міндеттерінің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33