ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Білім алушылардың мемлекеттік тапсырысын және контингентін қалыптастыру басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Дефектология
  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Химия
  • Биология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • География
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: география
  • Мемлекеттік аудит
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Тарих-Дінтану

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру; негізгі міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық базаны уақтылы әзірлеу мен қалыптастыруды қамтамасыз ету; «ЖОО үздік оқытушысы» атағын беру ережелері, білім грантын беру ережелері; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік ережелеріне сәйкес білім алушыларды ауыстыру және қалпына келтіру ережелері; базалық жоғары оқу орындарында PhD докторларын мақсатты дайындау механизмі; басқарма құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекетік қызмет көрсетуге талдау жасау («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім бағдарламалары бойынша оқу үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және тіркеу» және осы мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне талдау жасау; «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру»; еңбек нарығының қажеттіліктеріне және жұмыс берушілердің күтілімдеріне сәйкес, мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын уақтылы қалыптастыру мен бөлуді қамтамасыз ету; жоғары оқу орындарыынң арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар дайындауға, ЖОО дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету; жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің ұлттық бірыңғай тестілеуін дайындау мен өткізуді ұйымдастыруға; жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің кешенді тестілеуін дайындау мен өткізуді ұйымдастыруға;; ҰБТ-ны жаңа форматын жетілдіру; стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу ережелерін әзірлеу, келісу және бекітуге ұсынуға; жоғары оқу орындарына қабылдау қорытындылары бойынша  мониторинг өткізуді қамтамасыз ету;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.02.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.02.2024 – 13.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-33