ҚР ҒЖБМ Әкімшілік департаменті Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін мәселелері бойынша келіп түсетін кіріс хат-хабарларды, телефонограммаларды бұлтты құжат айналымы жүйесі базасына тіркеуге, есепке алуға және бақылауға, поштамен келетін, қолма-қол түсетін хаттарды уақытылы қабылдауға; Басқарманың жылдық жұмыс жоспарын жасауға қатысуға; өз құзыреті шегінде Министрдің, Жауапты хатшының, вице- министрлердің қарарына сәйкес кіріс хат-хабарларды құрылымдық бөлімшелерге орындау үшін уақытылы жіберуге; өз құзыреті шегінде күнделікті мониторинг жүргізу арқылы құжаттардың уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыруға; орындалған құжаттарды уақытында бақылаудан алуға; ай сайын құжаттардың орындалуы туралы талдамалық ақпарат дайындауға, Министрліктегі құжат айналымы туралы жинаққы аналитикалық материалдар, сондай-ақ басшылықты ақпараттандыру үшін жетекшілік ететін мәселелер бойынша анықтамалық материалдар дайындауға; Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау жүйесі арқылы келіп түскен құжаттарды тіркеуді; журналдарды құжаттарды есепке алу мен сақтауды, сондай-ақ істерді және таралуы шектеулі басылымдарды жүргізуді қамтамасыз етуге; Министрліктің шығыс құжаттарын БҚА арқылы жіберуді қамтамасыз етуге; Министрліктің істер номенклатурасын қалыптастырады, әзірлейді және бекітеді, ведомстволық мұрағатының жұмысын ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.mnvo@mail.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33