ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы (негізгі қызметкер бала күту демалысында - 2024 жылғы 1 қараша)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Мүмкіндігінше шет тілін білуі.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тұрақты негізде іске асыруды үйлестіреді және бақылайды»; (Корея, БАӘ)елдері және халықаралық ұйымдар (ТМҰ, ИӘҰ) бойынша негізгі міндеттер уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асырады; Жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды; Министрлік басшылығының шетелдік серіктестермен іскерлік кездесулері мен келіссөздерін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді; Әртүрлі комиссиялар мен жұмыс топтарының, оның ішінде басқа мемлекеттік органдар құратын жұмысына қатысады; Министрліктердің басшылары мүшелері болып табылатын әртүрлі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарына халықаралық іс-шаралар бойынша материалдар дайындауды ұйымдастырады; сыртқы байланыстарды дамыту бойынша жұмысты үйлестіру (Бахрейн, Кипр, Йемен, Марокко, Израиль, Йордания, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Египет, Ирак, Иран, Турция, Ауғаныстан, Венгрия); Өз құзыреті шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.mnvo@mail.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33