ҚР ҒЖБМ Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының бас сарапшысы
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында айқындалған тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, Министрліктің ақпараттық технологиялары мен техникалық құралдарын қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүргізуге қатысу; Министрліктің қазіргі заманғы ақпараттық технологиялары мен техникалық құралдарын қолдану саласындағы республикалық бағдарламаларды іске асыруға қатысу; Министрліктің ақпараттық технологиялары мен техникалық құралдарын пайдалану шеңберінде бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу Министрліктің цифрландыру және ақпараттандыру; Цифрландыру және ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері бойынша конкурстарға, көрмелерге қатысу; Министрліктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сүйемелдеу мәселелеріне қатысты бюджет қаражатын жоспарлау және есептеу; Министрліктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сүйемелдеуге, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген бағдарламалық және аппараттық құралдарға техникалық ерекшеліктер әзірлеу; мемлекеттік сатып алудың стратегиялық және операциялық Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрліктің; Ақпараттандыру саласындағы заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ басқарма қызметі саласындағы басқа да актілердің жобаларын келісуге қатысу; Министрліктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сүйемелдеу мәселелеріне қатысты мемлекеттік сатып алуды өткізу процесіне қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.mnvo@mail.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-33