ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы (негізгі қызметкер бала күтімі демалыс кезеңі - 2024 жылғы 1 қараша)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Мүмкіндігінше шет  тілін білуі.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тұрақты негізде іске асыруды үйлестіреді және бақылайды»;  (Корея, БАӘ)елдері және халықаралық ұйымдар (ТМҰ, ИӘҰ) бойынша негізгі міндеттер уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;  Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асырады; Жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды; Министрлік басшылығының шетелдік серіктестермен іскерлік кездесулері мен келіссөздерін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;  Әртүрлі комиссиялар мен жұмыс топтарының, оның ішінде басқа мемлекеттік органдар құратын жұмысына қатысады; Министрліктердің басшылары мүшелері болып табылатын әртүрлі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарына халықаралық іс-шаралар бойынша материалдар дайындауды ұйымдастырады; сыртқы байланыстарды дамыту бойынша жұмысты үйлестіру (Бахрейн, Кипр, Йемен, Марокко, Израиль, Йордания, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Египет, Ирак, Иран, Турция, Ауғаныстан, Венгрия); Өз құзыреті шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.11.2023 – 08.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-23