ҚР ҒЖБМ Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті Цифрлық трансформациялар басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында айқындалған тапсырмалардың, сондай-ақ басқарма мен Департамент басшылығының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Білім және ғылымды ақпараттандыру стратегиясын іске асырудың бірыңғай техникалық саясаты мен талаптарын қалыптастыру; ғылым және жоғары білім беру саласында цифрландыруды дамыту жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және келісу; Білім және ғылым цифрландыруға, сондай-ақ «Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобаларының іс-шараларына қатысты; Министрлік қызметінің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдіснамасын бекіту, сондай-ақ министрліктің әкімшілік деректерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; Министрліктің барлық ақпараттық жүйелерінде деректерді өзектендіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу; Жоғары тұрған органдарға басқару мәселелері бойынша ақпарат беру, ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау; Департамент құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық құжаттарында көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды, оның ішінде  жалпыұлттық жоспарды қабылдау үшін негіз болатын есептер мен өзге де құжаттарды дайындауды жүзеге асыру; Департамент және Министрлік бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асыру; мемлекеттік қызметшінің еңбек тәртібі мен этикасын сақтауға, лауазымдық функцияларды орындағаны үшін дербес жауапты болуға; өз біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс істеуге; Министрлікте қабылданған ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауға; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жауап беру мерзімі мен тілі бойынша заңнамада белгіленген талаптарды сақтауға; жұмыстан босатылған жағдайда мүлікті және орындаудағы құжаттарды беруге қабылдау-тапсыру актісі арқылы, сондай-ақ айналып өту парағын толтыру; өз құзыреті шегінде Басқарма, Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.11.2023 – 08.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-23