ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитеті Лингвистикалық жұмыс басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Әдебиеттану
- Тарих-Дінтану
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру; қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру; қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруге қатысты техникалық сүйемелдеу жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру; қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруге қатысты мемлекеттік органдармен және ұлттық компаниялармен өзара ықпалдасу және оларға кеңестік қызмет көрсету; меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың іс қағаздарын жаңа әліпбиге көшу жұмыстарын үйлестіру; статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттамаларды жаңа әліпбиге көшу жұмыстарын үйлестіру; Терминологиялық комиссия отырыстарына ұсыныстар беру, материалдар, шешім жобаларын әзірлеу және хаттамаларын ресімдеу; терминологиялық салалық секциялар қызметін ұйымдастыру; терминдерге лингвистикалық сараптама жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру; терминология мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі рөлін күшейтуге қажетті әдістемелік, ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық жұмыстарды ұйымдастыру; ғылыми-лингвистикалық құрылымдармен байланыс орнату; тіл мәдениетін жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; «Балапан әлемі» жобасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; комитеттің құзыреті шегінде ономастика мәселелері бойынша тапсырмаларды іске асыру; терминология мәселесі бойынша жобалық офис жұмыстарын ұйымдастыру; жетекшілік ететін мәселелері бойынша өтініштер мен хаттарға жауаптар әзірлеу; басқарма шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.mnvo@mail.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-23