ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Ғылыми жобалар және бағдарламалар басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Дефектология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Қаржы
  • Білім (химия)
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика
  • Білім: биология
  • Білім: география
  • Мемлекеттік аудит
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Тарих-Дінтану

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Мүмкіндігінше республикада орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар, негізгі отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер туралы білімінің болуы. Ғылым саласындағы жарияланымдар іздеу үшін Web of Science және Scopus деректер қорын, сондай-ақ МҒТС ҰО (is.ncste.kz) жүйесін қолдана білуі.

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын келісу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету, жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді және отырыстарының ұйымдастырылуын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырыстарына қажетті құжаттарды, материалдарды қалыптастыру және хаттамаларды ресімдеу, хаттама бойынша дауыс беру парақтарын жинау, мүдделі тараптардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын үйлестіру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамын қалыптастыру, қызметін жетілдіру және тиісті нормативтік құқықтық актіні дайындау жөнінде жұмыстар жүргізу; іске асыру және аяқтау кезеңдерінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеу жұмыстарды ұйымдастыру; гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен іргелі жане қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларына конкурстар ұйымдастыру; мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты мен регламенттерiне сәйкес мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы туралы есептерді мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету мониторингi бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; ғылыми, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; көзделген құзырет шегінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жүзеге асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша аралық және қорытынды есептерді қабылдау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.11.2023 – 08.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана, Мангилик Ел 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-23