ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Стратегия және салааралық үйлестіру басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 200000
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Дефектология
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Қаржы
- Білім (химия)
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
- Білім: биология
- Білім: география
- Мемлекеттік аудит
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Химия-Биология
- Математика-Физика
- Математика-Информатика
- Физика және информатика
- География - Тарих
- Тарих-Дінтану
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Мүмкіндігінше республикада орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар, негізгі отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер туралы білімінің болуы.
Функционалды міндеттер
Республиканың ғылыми-техникалық саласын дамыту жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Қазақстан Республикасында ғылымды, ғылыми-техникалық қызметті дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-талдау анықтамаларын, жинақтамаларды, ақпараттарды дайындауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ғылыми-зерттеу жұмыстарының статистикалық деректерін жетілдіру жұмыстарды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың негізгі бағыттары бойынша баяндамаларды, баяндамаларды, талдамалық есептерді дайындауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық ғылыми кеңестің қызметін және отырыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар, БАҚ үшін ғылым мәселелеріне қатысты материалдар дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.mnvo@mail.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-23