ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларды әлеуметтендіру және тәрбиелеу басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Дефектология
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Қаржы
- Білім (химия)
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
- Білім: биология
- Білім: география
- Мемлекеттік аудит
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Химия-Биология
- Математика-Физика
- Математика-Информатика
- Физика және информатика
- География - Тарих
- Тарих-Дінтану
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Комитет, басқарманың жұмыс жоспарында көрсетілген тапсырмаларды және Комитет пен басқарма басшысының тапсырмасын уақытында және сапалы орындауға; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында, оның ішінде көрсеткіштер мен индикаторларды жоспарлау үшін, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға ұсыныстарды әзірлеуге; Министрліктің алқа отырысы Министрліктің басшыларына, ҚР Үкіметінің отырысына және Комитеттің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша басқа да іс-шараларға талдау материалдары мен анықтамаларды, есептерді дайындауға; жоғары оқу орындарындағы білім беру қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындайтын нұсқаулық хаттарды әзірлеуге; Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты үйлестіру; Қазақстан Республикасының Дін саясатын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру; Қазақстан халқы Ассамблеясының даму қағидаттарын (жоспарлар, жол карталары, тұжырымдамалар) іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Қауіпсіздік стратегиясын іске асыруды үйлестіру; Азаматтық қоғамды дамытудың 2024 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру; суицидтік мінез-құлық профилактикасы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің қызметін үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.mnvo@mail.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-23