ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Экономика және менеджмент
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
«Бюджет» АЖ-де, «Мемлекеттік жоспарлаудың бірыңғай жүйесі» АЖ-де бағдарламалармен компьютерде жұмыс істей білу.
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді жоспарлау және дайындау және оларды ҚР Қаржы министрлігінде келісу; балалар технопарктерін дамытуды қолдауды жүзеге асыру, STEM зертханалар, ғылыми жобалар мен идеялар конкурстарын өткізу; әкімшілік бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджетті жоспарлау жөніндегі ақпараттық жүйелерге деректерді енгізеді; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша шарттарға бұрыштама қояды; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарын бекітуге қатысады; құзыреті шеңберінде ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына материалдар дайындайды; әкімшілік бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қалыптастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.mnvo@mail.kz
- Астана, Мангилик Ел, 8
-
74-24-23