ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін
орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық
және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық
құжаттарды білу, «Бюджет» АЖ-де,
«Мемлекеттік жоспарлаудың бірыңғай жүйесі»
АЖ-де бағдарламалармен компьютерде жұмыс
істей білу

Функционалды міндеттер

Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар
бойынша бюджеттік өтінімдерді жоспарлауды
және дайындауды және оларды ҚР Қаржы
министрлігінде келісуді жүзеге асырады;
әкімшілік берілетін бюджеттік бағдарламалар
бойынша республикалық бюджетті жоспарлау
жөніндегі ақпараттық жүйелерге деректерді
енгізеді; жетекшілік ететін бюджеттік
бағдарламалар бойынша шарттарға бұрыштама
қояды; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама
бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарын
бекітуге қатысады; "Мемлекеттік сатып алу
туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасы Заңына, "Мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648
бұйрығына сәйкес Комитеттің тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық
жоспарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу
рәсімдерін ұйымдастыруды және өткізуді
қамтамасыз етеді"және Мемлекеттік сатып алу
мәселелерін қозғайтын өзге де құқықтық
актілермен; Мемлекеттік сатып алу вебпорталында тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып
алудың жылдық жоспарын, сондай-ақ
мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізілген
өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы
орналастыруды, ҚР Мемлекеттік сатып алу Вебпорталында алдағы Мемлекеттік сатып алу
туралы хабарландыруларды, алдын ала
талқылау хаттамаларын, алдын ала рұқсат беру
хаттамаларын, ашық конкурс тәсілімен
қорытындылар хаттамаларын уақтылы
орналастыруды қамтамасыз етеді, баға
ұсыныстарын сұрату тәсілімен қорытындылар
хаттамалары; құзыреті шеңберінде ҚР Үкіметі
жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық
комиссияның қарауына материалдар
дайындайды; әкімшілік бюджеттік
бағдарламалар мен кіші бағдарламаларды іске
асыру мақсатында Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қалыптастырады, Басқарма құзыреті шеңберінде министрліктің департаменттерімен, Комитет басқармаларымен өзара іс-қимыл жасайды; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Басқарма басшылығының,
Комитеттің өзге де тапсырмаларын орындайды

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.10.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.10.2023 – 18.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мангилик Ел даңғылы 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-23