ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін
орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық
және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық
құжаттарды білу, «Бюджет» АЖ-де,
«Мемлекеттік жоспарлаудың бірыңғай жүйесі»
АЖ-де бағдарламалармен компьютерде жұмыс
істей білу

Функционалды міндеттер

Жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша
бюджеттік өтінімдерді жоспарлау және
дайындау және оларды ҚР Қаржы
министрлігінде келісу; балалар технопарктерін
дамытуды қолдауды жүзеге асыру, STEM
зертханалар, ғылыми жобалар мен идеялар
конкурстарын өткізу; әкімшілік бюджеттік
бағдарламалар бойынша республикалық
бюджетті жоспарлау жөніндегі ақпараттық
жүйелерге деректерді енгізеді; жетекшілік ететін
бюджеттік бағдарламалар бойынша шарттарға
бұрыштама қояды; жетекшілік ететін бюджеттік
бағдарлама бойынша қаржыландырудың
жылдық жоспарын бекітуге қатысады; құзыреті
шеңберінде ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары
ғылыми-техникалық комиссияның қарауына
материалдар дайындайды; әкімшілік бюджеттік
бағдарламаларды іске асыру мақсатында
нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын
қалыптастырады. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.10.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.10.2023 – 18.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-23