Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 200000
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Әдебиеттану
- Тарих-Дінтану
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру; жетекшілік ететін бағыты бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру; Қазақстан этностарына мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік кешендердің электронды нұсқаларын әзірлеу және шығару; үздік әдістемелерді айқындап, оқыту процесіне енгізу жұмыстарын ұйымдастыру; мемлекеттік және этностардың ана тілдерін оқыту мәселелері бойынша этно-мәдени бірлестіктер және қоғамдық ұйымдармен ықпалдастықты арттыру; мемлекеттік және Қазақстан халқы тілдерін дамытудың өзекті мәселелері бойынша іс-шаралар (республикалық (халықаралық) конференция, семинар, дөңгелек үстел, курс, байқау, акция және т.б) өткізуді ұйымдастыру; мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөнінде этно-мәдени бірлестіктер және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара байланыста болуға, оларды мемлекеттік, ағылшын және ана тілдеріне оқытуға, тілдерді үйрететін орталықтар құруға, кешенді оқу-әдістемелік құралдар әзірлеуге қолдау көрсету; этностардың ана тілдерін үйрететін жексенбілік мектептерінің, қоғамдық бірлестіктерінің жұмыс тәжірибелерін жинақтау және тарату
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.aimukhanova@sci.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
74-24-23