Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ғылыми ұйымдарды дамыту басқармасының сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 200000

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Дефектология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Қаржы
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика
  • Білім: география
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Тарих-Дінтану

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Мүмкіндігінше республикада орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар, негізгі отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер туралы білімінің болуы.

Функционалды міндеттер

Комитет басшылығының қарауына ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың қызметін жетілдіру, оның ішінде оларды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі ұсыныстарды ұсыну; ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың қызметіне қатысты құрылтай құжаттарын (өзгерістер мен толықтырулар енгізу), сондай-ақ нұсқаулықтарды, әдістемелік және өзге де басшылық құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; ұйымдастыру іс-шараларын жүргізуде оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету бойынша биологиялық бейіндегі ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; Комитет басшылығының жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты биологиялық ұйымдардың бекітілген, белгіленген тәртіппен жұмыс жоспарларын қарауы бойынша, оның ішінде олардың басшыларының тиісті есептерін тыңдау арқылы іс-шараларды ұйымдастыру; Саяси қуғын-сүргін құрабандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жұмысын ұйымдастыру; Комитет қызметкерлерінің ғылыми-теориялық және практикалық конференцияларды өткізу және олардың қатысуы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың форумдарын, конференцияларын, көрмелерін, семинарларын, кеңестерін және мерейтойлық іс-шараларын өткізу, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Комитеттің ғылым саласындағы протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету; белгіленген тәртіппен тән емес мемлекеттік функцияларды талдауды жүзеге асыру және бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру жөніндегі қызметті үйлестіру; заңнамада белгіленген тәртіппен жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бойынша Комитет басшылығына ұсыныстар енгізу; жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты биологиялық ұйымдардың мемлекеттік активтерін жоспарлауды қамтамасыз ету жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдарға бекітілген мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау бойынша жұмысқа қатысу; ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың веб-сайттарын жаңғырту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған жұмысты ұйымдастыру; ҚР ҰҒА-мен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; Биологиялық бағыттағы ҒЗИ қызметін үйлестіру: Басқарма құзыреті шеңберінде Министрлік департаменттерімен, Кәсіподақ және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.10.2023 – 17.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

г. Астана, пр. Мангилик Ел, 8, подъезд 11

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-23