ҚР ҒЖБМ Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

Білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; Басқарманың құзыреті шегінде оңтайландыру, реинжиниринг және автоматтандыру бөлігінде Министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін орындау жөніндегі жұмысты үйлестіру және іске асыру; жоғары білім және ғылым саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту рәсімдеріне мониторинг жүргізу; жоғары білім және ғылым саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысу және әзірлеу; мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі Министрліктің жұмысын үйлестіру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша ҚР МҚІА-ға тоқсан сайынғы есепті ұсыну; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу және ішкі бақылауды жүзеге асыру орталық мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтері; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, түрлендіру бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, түрлендіру бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізу процесіне қатысу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, түрлендіру бойынша техникалық талаптарды әзірлеу; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселесі бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау; өз шегінде талдамалық анықтамалар, жазбалар, ақпараттық материалдар дайындау департамент және Министрлік бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 07.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2023 – 18.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61