ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Реттеу саясаты басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Дефектология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Қаржы
  • Білім (химия)
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика
  • Білім: биология
  • Білім: география
  • Мемлекеттік аудит
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Тарих-Дінтану

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктердің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етеді; меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік бақылау шараларын жүргізеді; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын қалыптастырады және оларды белгіленген мерзімде сот органдарына беруді қамтамасыз етеді, Комитет атынан сот процестеріне қатысады; бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген процестік құжаттардың жобаларын, сондай-ақ мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру шеңберінде шығарылатын Комитет бұйрықтарының жобаларын жасайды; Қазақстан Республикасының Білім саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама береді; тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және білім беру саласындағы тексеру парақтарының жобаларын әзірлеуге, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімін және тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері және оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберу негізінде біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру тізімін жасауға қатысады, аттестаттау комиссиясын қалыптастырады және рәсімді жүргізеді білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына (медициналық және фармацевтикалық білім беруді қоспағанда) қарамастан, мемлекеттік аттестаттау қорытындылары туралы қорытынды жасайды, білім беру ұйымы қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды; басқарма қызметінің бағыты бойынша бюджеттік өтінімді, мемлекеттік тапсырмалар бойынша шартты әзірлеуге қатысады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.08.2023 – 06.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61