ҚР ҒЖБМ Қоғаммен байланыс департаменті Талдау, мониторинг және БАҚ-пен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Құқықтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

Департаменттің құзыретіне сәйкес Министрліктің интернет-ресурсына (Министрліктің сайтына) ақпаратты орналастыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстарды жүзеге асыру және қолдау; Министрліктің қызметі туралы кеңінен танысуға арналған материалдарды (пресс-релиздер, хабарламалар, сұхбаттар) дайындау және интернет-ресурста орналастыру; Министрдің баспасөз конференцияларын, сұхбаттарын, брифингтерін ұйымдастыру; министр блогын, Министрліктің Интернет-ресурсын уақтылы толтыруды қамтамасыз ету; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру; кіріс және шығыс хат-хабарлармен жұмыс (хат алмасу); БАҚ жедел мониторингі.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.08.2023 – 28.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61