ҚР ҒЖБМ Экономика және қаржы департаменті Бюджетті жоспарлау басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
«Бюджет» АЖ-де, «Мемлекеттік жоспарлаудың бірыңғай жүйесі» АЖ-де бағдарламалармен компьютерде жұмыс істей білу.
Функционалды міндеттер
Республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау және түзету кезінде министрліктің бюджеттік өтінімін қалыптастыруды жүзеге асыру және оны заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша ведомстволық бюджет комиссиясының отырысына шығарылатын материалдарды дайындауды қамтамасыз ету; Министрліктің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеуді және мүдделі мемлекеттік органдарда келісуді және оларды Министрліктің бюджеттік бағдарламалары бойынша одан әрі бекітуді қамтамасыз ету жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламаларға; және Ұлттық экономика министрліктерінде жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша Министрліктің бюджеттік өтінімін пысықтауға қатысу; заңнамаға сәйкес болған кезде ведомстволық бюджет комиссиясының отырысына шығару үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының ұсыныстарын енгізуді қамтамасыз ету; жетекшілік ететін мәселелер бойынша құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу, сондай-ақ тиісті жобалардың орындалуын қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.mnvo@mail.kz
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61