ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитеті Тіл саясатын іске асыру басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Әдебиеттану
- Тарих-Дінтану
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоба), Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) жүзеге асыруға; тілдерді дамыту және қолдану аясын кеңейту барысында мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша шаралар ұйымдастыруға; мемлекеттік, орыс және үш тілді меңгеру саясатын іске асыруға; Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу бойынша жұмысты үйлестіру және жүргізу; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының сақталуы бойынша тексеру жұмыстарына қатысу;
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.mnvo@mail.kz
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61