ҚР ҒЖБМ Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті Корпоративтік даму және мемлекеттік активтер басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында корпоративтік басқаруды енгізуге әдіснамалық қолдау және мониторинг жүргізу, жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітуге қатысу, корпоративтік басқару кодексін әзірлеуге қатысу, Директорлар кеңесі, қадағалау және қамқоршылық кеңестері отырыстарының күн тәртібіне шығарылатын мәселелерді қарау бойынша жұмысты үйлестіру; Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Директорлар Кеңесі, Байқау кеңесі мен ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындауға қатысу, мүшелерін сайлау, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар мен шығыстарды өтеудің мөлшері мен шарттарын және ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру мөлшерін, шарттарын айқындау, Директорлар Кеңесі мен  Байқау кеңестерінің мүшелерінің өкілеттектерін мерзімінен бұрын тоқтату бойынша мәселелерді шешуге қатысу, жылдық қаржылық есептілігін қарауға және бекітуге қатысу, даму жоспарларын, олардың орындалуы жөніндегі есептерін, сондай-ақ олардың іске асырылуына мониторингті қарауға және бекітуге қатысу, таза табысының бір бөлігін дивидендтер (кіріс) төлеуге жіберу жөнінде шаралар қабылдау, жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту туралы шешім қабылдауға қатысу, әкімшілік шығыстардың кейбір лимиттерін белгілеуге қатысу; республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім беруге; республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға; Республикалық меншік объектілерін түгендеу және жекешелендіру мәселелеріне қатысу; ведомствалық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындар белгілеген және бюджеттен қаржыландырылатын көлемдердің (қызметтердің шеңберлерінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын келісуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2023 – 17.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61