ҒЖБМ Персоналды дамыту және басқару департаменті Персоналды бағалау және дамыту басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогика және психология
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
«Е-Қызмет» АЖ-де, «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет» АЖ-де, «Е-Қарлығаш» АЖ-де жұмыс істей білуі.
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыретіне сәйкес ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептерді ұсыну; мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі Бюджеттік өтінімді дайындау; мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету; кадр мәселелері жөніндегі бағалау және өзге де комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету; мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; «А» корпусының қызметін бағалау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу және оларға материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; қызметшілерге бос лауазымдар, уақытша болмаған қызметшілер міндеттерін жүктеу, оның ішінде қосымша ақылар белгілей отырып; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету; кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде) жүргізу; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің мониторингілеу және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, деректерді «Е-қызмет» ИАЖ-ға енгізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.zhunusova@sci.gov.kz
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61