ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 400000
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Мүмкіндігінше шет тілін білуі.
Функционалды міндеттер
Шетелдік әріптестермен ынтымақтастық туралы халықаралық шарттардың, келісімдердің, хаттамалардың, меморандумдардың жобаларын әзірлеу және сараптау бойынша жұмысты үйлестіру, оларға қол қою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, олардың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүзеге асыру; жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрықтарының жобаларын дайындау бойынша жұмысты үйлестіру; үкіметаралық комиссиялар, жоғары білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, сондай-ақ жоғары білім беруді дамыту жөніндегі стратегиялық жоспар шеңберінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша есептер мен талдау материалдарын дайындау бойынша жұмысты үйлестіру; жоғары білім беру саласындағы сыртқы байланыстарды дамыту бойынша бағдарламаларды, ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеуге және құруға қатысу; БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, ЮНЕСКО, ЭЫДҰ, ЕАЭҚ, ЕЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, МГЫҚ, Еуразиялық көпір, ҚХР, ТМД, ЕО және Орталық Азия елдерімен, Түркия Республикасы, АҚШ-пен сыртқы байланыстарды дамыту жөніндегі жұмысты тұрақты негізде іске асыруды үйлестіреді және бақылайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.zhunusova@sci.gov.kz
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61