ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті сыртқы бағалау және талдау басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Дефектология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Қаржы
  • Білім (химия)
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика
  • Білім: биология
  • Білім: география
  • Мемлекеттік аудит
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

Диссертациялық кеңестердің қызметін үйлестіру, қалыптастыру және бақылау; Диссертациялық кеңестерді ашу жөніндегі ұйымдардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру, олардың қызметін бақылау; Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне ғылыми басылымдарды енгізу бойынша ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың қолдаухаттарын қарауды ұйымдастыру бойынша бақылау; Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік органдарды тану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді; Ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді; Ғылыми кадрларды аттестаттау мәселелері бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қарайды; Диссертациялық кеңестердің қызметіне, ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне мониторинг пен талдау ұйымдастырады. Ғылыми кадрларды аттестаттау бойынша талдамалық ұсыныстар, ақпараттық материалдар дайындайды; Басқарма қызметінің бағыты бойынша бюджеттік өтінімді, мемлекеттік тапсырмалар бойынша шартты әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді; басқарма қызметінің бағыттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың техникалық ерекшелігін әзірлеуге қатысады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.07.2023 – 31.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61