ҚР ҒЖБМ Заң департаменті нормашығармашылық басқармасының басқарма басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және жалпы басқару; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуін тұрақты негізде үйлестіру және бақылау және тиісті есептерді, оның ішінде мониторинг жүргізу сапасына талдауларды дайындау; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлеріне Заңнама және норма жасау нормаларын қолдану мәселелері бойынша консультация беру; министрлікте және оның құрылымдық бөлімшелерінде норма шығару жөніндегі жұмысты талдау және үйлестіру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Министрліктің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің атынан түсіндірмелер дайындауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және тиісті ақпарат дайындау жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету; түрлі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу, оның ішінде құқықтық актілерді әзірлеу және норма шығарудың басқа да мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдар құратын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына құқықтық сипаттағы материалдарды дайындау, Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер мен Үкімет қаулыларының жобаларының қозғалысын есепке алуды жүргізу, құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларының талаптарын орындау; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және министрлікте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру; Департаментке кіретін құқықтық актілердің жобалары бойынша заң қорытындысын дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.zhunusova@sci.gov.kz
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61