ҚР ҒЖБМ Қоғаммен байланыс департаменті Ақпаратқа қол жеткізу және мемлекеттік органның ашықтығы мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Құқықтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру; Департамент туралы қолданыстағы ережеге сәйкес және Департамент басшылығы қойған басымдықтар бойынша жұмысты ұйымдастыру; Бөлімдердің, ведомстволардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың, Министрліктің жауапты қызметкерлерінің мемлекеттік органның ақпаратқа қол жеткізуін және ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмысын үйлестіру және ішкі мониторингін және жұмысын талдауды жүзеге асыру; мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мониторингі (сайтты толтыру, ашық деректерді орналастыру, бірінші басшының блогын жүргізу); «Ашық деректер», «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» порталдарын орналастыру және уақтылы жаңарту мониторингі; НҚА жобаларына және бюджеттік бағдарламаларға түсініктемелерге жауаптарды орналастыруды ұсынуды мониторингілеу; Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылау және Комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне уақтылы ұсыну
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.zhunusova@sci.gov.kz
- 13.07.2023
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61