ҚР ҒЖБМ Персоналды дамыту және басқару департаменті Персоналды бағалау және дамыту басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 200000
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогика және психология
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу
«Е-Қызмет» АЖ-де, «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет» АЖ-де, «Е-Қарлығаш» АЖ-де жұмыс істей білуі
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыретіне сәйкес ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептерді ұсыну; Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамаларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; кадр мәселелері жөніндегі бағалау және өзге де комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету; «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау рәсімдерінің, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде) сақталуын қамтамасыз ету; еңбек демалыстарының кестесін бекіту жөніндегі жұмысты жүргізу; демалыстар беру жөніндегі бұйрықтарды ресімдеу; медициналық орталыққа тіркеу және тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; санаторийге жолдама бойынша жұмысты ұйымдастыру; «Қарлығаш» балабақшасына кезекке қою бойынша жұмысты ұйымдастыру; тұрғын үй комиссиясының жұмысын ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен «Қарлығаш» туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету Мемлекеттік қызметке; кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде) жүргізу; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің мониторингілеу және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, деректерді «Е-қызмет» ИАЖ-ға енгізу
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.zhunusova@sci.gov.kz
- 17.07.2023
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61