ҚР ҒЖБМ Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті директорының орынбасары Цифрлық трансформациялар басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу

Функционалды міндеттер

Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында айқындалған тапсырмалардың, сондай-ақ басқарма мен Департамент басшылығының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; білім мен ғылымды ақпараттандыру стратегиясын іске асырудың бірыңғай техникалық саясаты мен талаптарын қалыптастыру; ғылым және жоғары білім саласындағы цифрландыруды дамыту жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және келісу; ғылым мен жоғары білім беруді ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысты үйлестіру; Министрлік жүргізетін алқа отырыстар, семинарлар, кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізу жөніндегі материалдарды әзірлеу; Министрліктің «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау, Министрліктің ақпараттық жүйелерінің архитектурасын, қызметі мен деректерін қалыптастыру жөніндегі жұмысын үйлестіру; Министрліктің ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін, құрылымдық бөлімшелер мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз ету; жоғары тұрған органдарға басқару мәселелері бойынша ақпарат беру, ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау; Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық құжаттарында көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды, оның ішінде жалпыұлттық жоспарды қабылдау үшін негіз болатын есептер мен өзге де құжаттарды дайындауды жүзеге асыру ; Департаменттің және Министрліктің бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.07.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.07.2023 – 05.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 40 МБ

Сұхбаттасу күні

11.07.2023

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61