ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу
«Бюджет» АЖ-де, «Мемлекеттік жоспарлаудың бірыңғай жүйесі» АЖ-де бағдарламалармен компьютерде жұмыс істей білу
Функционалды міндеттер
3 жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыруды, әкімшілік бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджетті жоспарлау жөніндегі ақпараттық жүйелерге деректердің толықтығы мен уақтылы енгізілуін бақылауды, орындалған жұмыстардың шарттары мен актілерінің олардың жоспарлы мәндеріне сәйкестігіне бұрыштама қоюды қоса алғанда, әкімшілік бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар шеңберінде бюджетті жоспарлау басқармасының жұмысын ұйымдастыру; төлемдер және жоспарланатын жылға арналған міндеттемелерге және оларды бекітуге ұсынуға; құзыреті шеңберінде ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына материалдар дайындау, әкімшілік бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламаларды іске асыру мақсатында нормативтік-құқықтық актілерді жасау, бекітуге дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; мемлекеттік қаржыландыру шеңберінде іске асырылған қаржылық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне жәрдем көрсету; жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы, сапалы және жедел орындау, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша уәкілетті органның стратегиялық және операциялық жоспарларына енгізу үшін ұсыныстар дайындау; мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы орналастыруды бақылау. Мемлекеттік сатып алу жоспары; ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жоспарлау, қаржыландыруды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.zhunusova@sci.gov.kz
- 11.07.2023
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61