ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Ғылыми ұйымдарды дамыту басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 300000

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Дефектология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Қаржы
  • Білім (химия)
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика
  • Білім: биология
  • Білім: география
  • Мемлекеттік аудит
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Мүмкіндігінше республикада орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар, негізгі отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер туралы білімінің болуы

Функционалды міндеттер

Комитет басшылығының қарауына ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың қызметін жетілдіру, оның ішінде оларды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі ұсыныстарды ұсыну; ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың қызметіне қатысты құрылтай құжаттарын (өзгерістер мен толықтырулар енгізу), сондай-ақ нұсқаулықтарды, әдістемелік және өзге де басшылық құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдарда корпоративтік басқару элементтерін енгізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; Комитет басшылығының жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың бекітілген, белгіленген тәртіппен жұмыс жоспарларын қарауы бойынша, оның ішінде олардың басшыларының тиісті есептерін тыңдау арқылы іс-шараларды ұйымдастыру; Белгіленген тәртіппен тән емес мемлекеттік функцияларды талдауды жүзеге асыру және бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру жөніндегі қызметті үйлестіру; заңнамада белгіленген тәртіппен жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бойынша Комитет басшылығына ұсыныстар енгізу; заңнамада белгіленген тәртіппен жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдарда кадр жұмысын ұйымдастыру бойынша Комитет басшылығына ұсыныстар енгізу; заңнамада белгіленген тәртіппен жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру бойынша Комитет басшылығына ұсыныстар енгізу; Ғылым саласындағы силықтарды және мемлекеттік стипендияларды беру бойынша комиссияның қызметін ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету; саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы Мемлекеттік комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету; жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік активтерін жоспарлауды қамтамасыз ету және оларды оңтайландыру бойынша Комитет басшылығына ұсыныстар енгізу;  жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты биологиялық ұйымдардың мемлекеттік активтерін жоспарлауды қамтамасыз ету жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдарға бекітілген мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау бойынша жұмысқа қатысу; ҒЗИ Биологиялық және су қауіпсіздігі қызметін үйлестіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.07.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.07.2023 – 05.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 40 МБ

Сұхбаттасу күні

11.07.2023

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61