Заместитель председателя Комитета науки МНВО РК

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 500000

Жалпы біліктілік талаптары

С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда;

4) баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі.

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Дефектология
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Биотехнология
  • Қаржы
  • Білім (химия)
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Жаратылыстану ғылымдары: география
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика
  • Білім: биология
  • Білім: география
  • Мемлекеттік аудит
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу.

Мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің болуы.

Мүмкіндігінше республикада орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар, негізгі отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер туралы білімінің болуы. Ғылым саласындағы жарияланымдар іздеу үшін Web of Science және Scopus деректер қорын, сондай-ақ МҒТС ҰО (is.ncste.kz) жүйесін қолдана білуі.

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен ғылыми зерттеулердің іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер  бағдарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың қалыптасу, орындау және аяқтау сатыларында іске асырылуын қамтамасыз ету;  ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның, Ұлттық ғылым және техологияр кеңесінің, Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссияның, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру жөніндегі комиссияның, жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің шешімі бойынша ғылым саласында құрылатын өзге де комиссиялардың қызметін нормативтік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру; заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу, ұлттық ғылыми кеңестердің қызметтерін, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламалар мен жобаларды іске асырылуына қадағалауды қамтамасыз ету және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы бойынша есептерді мемлекеттік есепке алу бойыншаі жұмыстарды үйлестіру; ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау, басып шығару және  Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауын және  ұсыну жұмыстарын ұйымдастыру; ұзақ мерзімді және орта мерзімді бағдарламалық құжаттарды (Ұлттық жобалар, саланы дамыту тұжырымдамалары және т. б.) әзірлеу және іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру; Министрліктің ғылыми-техникалық қызмет саласындағы даму жоспары мен операциялық жоспарларын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың негізгі бағыттары бойынша сөз сөйлеулерді, баяндамаларды, талдамалық есептерді дайындауды ұйымдастыру; ғылыми ұйымдардың форумдарын, конференцияларын, көрмелерін, семинарларын, кеңестерін және ғалымдардың мерейтойлық іс-шараларын өткізу жөніндегі мәселелерді үйлестіруге, сондай-ақ осы мәселелер жөніндегі Комитеттің хаттамалық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.07.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.07.2023 – 05.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 40 МБ

Сұхбаттасу күні

11.07.2023

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61