ҚР ҒЖБМ Қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 400000
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Құқықтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу
Функционалды міндеттер
Департамент туралы қолданыстағы ережеге сәйкес және Департамент басшылығы қойған басымдықтар бойынша жетекшілік ететін басқармалардың жұмысын ұйымдастыру; Департамент құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің, сондай-ақ тапсырмалардың, хаттамалық шешімдер мен іс-шаралар жоспарларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; Министрліктің PR-стратегиясын жетілдіру; Министрлік жұмысының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу; коммуникацияларды, оның ішінде дағдарысқа қарсы коммуникацияларды басқару жүйесін жетілдіру; Министрліктің ақпараттық саясатын іске асыру жөніндегі коммуникациялардың нысандарын, әдістері мен арналарын айқындау; Департаменттің құзыретіне жататын жетекшілік ететін мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, сұрау салулары мен өтініштерін қарау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.zhunusova@sci.gov.kz
- 11.07.2023
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61