ҚР ҒЖБМ Персоналды дамыту және басқару департаменті Персоналды бағалау және дамыту басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогика және психология
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Қосымша талаптар
Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу
«Е-Қызмет» АЖ-де, «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет» АЖ-де, «Е-Қарлығаш» АЖ-де жұмыс істей білуі
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; жұмыс жоспарын әзірлеу, Басқарма қызметі туралы есептерді дайындау; Басқарманың құзыретіне сәйкес ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептерді ұсыну; Министрліктің персоналды басқару стратегиясын әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктерге қажеттілігін талдау және жоспарлау; мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамаларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету; кадр мәселелері жөніндегі бағалау және өзге де комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету; мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; «А» корпусының қызметін бағалау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау рәсімдерінің, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқорда (ақпараттық жүйеде) сақталуын қамтамасыз ету; медициналық орталыққа тіркеу және шығару бойынша жұмысты ұйымдастыру; санаторийге жолдама бойынша жұмысты ұйымдастыру; «Қарлығаш» балабақшасына кезекке қою бойынша жұмысты ұйымдастыру; тұрғын үй комиссиясының жұмысын ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; қызметшілерге бос лауазымдар, уақытша болмаған қызметшілер міндеттерін жүктеу, оның ішінде қосымша ақылар белгілей отырып; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету; кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде) жүргізу; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің мониторингін қамтамасыз ету және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, деректерді «Е-қызмет» ИАЖ-ға енгізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.zhunusova@sci.gov.kz
- 11.07.2023
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61