ҚР ҒЖБМ Персоналды дамыту және басқару департаменті Мемлекеттік қызметке іріктеу және өткеру басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 2023 жылғы 3 қыркүйекке дейінгі бала күту демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

«Е-Қызмет» АЖ-де,  «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет» АЖ-де, МО ИРБП-да жұмыс істей білуі

Функционалды міндеттер

Министрліктің және ведомстволардың қызметшілеріне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сұрау салулар жіберу; ант қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; іссапарлар туралы бұйрықтар ресімдеу; мемлекеттік қызметшілердің жеке сәйкестендіру карталарын беру бойынша жұмыс жүргізу; Министрлік қызметшілерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін және еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жүргізу; жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияның отырысын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін тиісті материалдарды дайындау; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру; жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер бойынша мемлекеттік қызметшілерінің еңбек кітапшаларын, жеке істерін, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) арқылы жүргізу; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілердің әзірленуін және мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету; Мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйеге) мәліметтерді енгізу және жаңарту; кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) арқылы жүргізу; Министрлік кадрларының құрамы мен ауысуы туралы жыл сайынғы статистикалық есепті жоғары тұрған органға уақтылы ұсыну; жетекшілік ететін бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілеріне жұмыс орнынан анықтама, қызметтік тізімдер және т. б. ұсыну; жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асыру; кадр мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.07.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.07.2023 – 05.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 40 МБ

Сұхбаттасу күні

11.07.2023

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61