ҚР ҒЖБМ Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті директорының орынбасары

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 400000

Жалпы біліктілік талаптары

С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Қосымша талаптар

Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық құжаттарды білу

Функционалды міндеттер

Департамент қызметіне жалпы басшылық жасау; Департаментке жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау, құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру, ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету жұмысын бақылау; Министрлікті ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету бөлігінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың әзірленуін бақылау; Республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Министрліктің қызметін автоматтандыруды жобалауды бақылау; Жобаларды басқару, жаңа технологияларды қолдану арқылы Министрліктің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Министрліктің ақпараттық жүйелерін, ақпараттық ресурстарын және ақпараттық-коммуникациялық технологияларын үздіксіз қамтамасыз етуді және олардың жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты бақылау; Көрсетілген мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі, құжаттарды мұрағатқа беру жұмысын бақылау және т.б.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.07.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.07.2023 – 05.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 40 МБ

Сұхбаттасу күні

11.07.2023

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61