ҚР ҒЖЖБМ Ғылым комитеті Экономика және қаржы басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді жоспарлау және дайындау және оларды ҚР Қаржы министрлігінде келісу; ғылыми ұйымдардың қызметін қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету бөлігінде жаңадан әзірленетін бағдарламалар мен жобалар бойынша қаржылық-экономикалық негіздемелер дайындауды жүзеге асыру; ҰҒК шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізумен тікелей байланысты шығындарға гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылау жүргізеді; Комитетте бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті қалыптастыруды, салықтық және статистикалық есептерді ұсынуды қамтамасыз ету; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын бекіту; ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің экономикалық дамуын болжау; ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру және ғылыми - техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тиімділігіне қаржылық-экономикалық талдауды қалыптастыру; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру; ҚР ҚМ аумақтық қазынашылық органдарында шарттарды тіркеу; орындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қол қойылған актілері, сондай-ақ тауарларды қабылдау-беру актілері бойынша төлеуге шоттарды дайындау; Комитеттің қызметіне байланысты тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Мемлекеттік сатып алуды өткізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61