ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Ғылыми талдау және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Қосымша талаптар
Intermediate (B1) және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін меңгергендігін растайтын сертификаттың немесе шетелдік университет дипломының болуы.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және бірлестіктермен халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз етуге: ЕО, ЕҚЫҰ, ХҒТО, Шығыс пен Батыс Еуропа елдері: Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия, Испания, Финляндия, Чехия, Түркия және т.б.; Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері: Куба, Бразилия, Колумбия, АҚШ, Канада, Мексика және т.б. Келісімдердің ағымдағы мен перспективалық жоспарларға енгізуді үйлестіруге, «Шетелдік іс-сапарлар» 005 және «Өкілдік шығыстар» 006 ҚР СІМ-нің бағдарламаларын үйлестіруге; ғылым мен техника саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың даму жағдайына талдау және бағалау жүргізуге және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен келісімдердің іске асырылуына бақылауды жүзеге асыруға; ғылым мен техника мәселелері бойынша шетелдік қатысушылардың қатысуымен іс-шаралар (келіссөздер, форумдар, кездесулер, көрмелер және т. б.) ұйымдастыруға; іс-шараларды өткізу хаттамасына сәйкес шетелдік қатысумен кездесулер өткізуді қамтамасыз етуге; қазақстандық ғалымдардың шетелдегі іс-шараларға қатысуын ұйымдастыруға; ғылым мен техника саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдерді шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келісуге; халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы тоқсан сайынғы және жылдық есепті, сондай-ақ елдер мен халықаралық ұйымдар бөлінісінде талдамалық материалдарды дайындауға; хаттардың, халықаралық келісімдердің ағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне аудармасын қамтамасыз етуге; халықаралық келісімдерге қол қоюға, ратификациялауға, олардың күшін жою туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және мемлекеттік органдармен келісуге; халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен хат алмасуды жүргізуге; шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттердің, кіші комиссиялардың, жұмыс топтарының және т. б. жұмысын ұйымдастыруға; Ғылым комитеті мен Министрлік басшылығының іссапарын ұйымдастыруға; ҚР Ғылым комитеті мен Министрлік басшылығына визалық қолдауды қамтамасыз етуге; шетелде басшылықтың болу бағдарламасын әзірлеуге; шетелдік делегацияны қарсы алуды және шығарып салуды ұйымдастыруға.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.zhunusova@sci.gov.kz
- 09.03.2023
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61