ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті Үйлестіру және мониторинг басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, саланы/саланы дамыту тұжырымдамасын, оны іске асыру жөніндегі ұлттық жобаны және жоспар-кестені, Министрліктің даму жоспары мен операциялық жоспарын, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарын орындау жөніндегі ақпаратқа мониторингті және үйлестіруді, дайындауды және белгіленген мерзімдерде енгізуді қамтамасыз етуге; Министрлік басшылығының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, ақпараттық-талдамалық материалдарды, ғылымды, тіл саясатын және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары бойынша баяндамалар жобаларын дайындау жөніндегі жұмысқа қатысуға; Министрлік алқасының отырыстары, ҚР Үкіметінің отырыстары мен селекторлық кеңестері, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігіндегі кеңестер, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыстары және т.б. үшін ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және тіл саясаты бағыттары бойынша Министрлік басшылығының ақпараттық материалдарын, баяндамалары мен сөз сөйлеулерін дайындауды қамтамасыз етуге; елдің бәсекеге қабілеттілігінің мониторингі бойынша жыл сайынғы баяндаманы дайындау үшін «адами капиталды дамыту» стратегиялық бағыты бойынша талдамалық материалдарды әзірлеу бойынша жалпы үйлестіруді жүзеге асыруға; Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша ақпаратты дайындау және енгізу бойынша жалпы үйлестіруді жүзеге асыруға; өз құзыреті шегінде ел басшылығы мен министрліктердің жұмыс сапарларын дайындау кезінде жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ Республикалық маңызы бар қалалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.tilegenova@sci.gov.kz
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61