ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің Білім алушылардың мемлекеттік тапсырысын және контингентін қалыптастыру басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2023 жылғы 26 мамыр аралығында)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру; негізгі міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық базаны уақтылы әзірлеу мен қалыптастыруды қамтамасыз ету (бірыңғай ұлттық тестілеуді, кешенді тестілеуді өткізу ережелері; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар дайындауға арналған мемлекеттік білім тапсырысын қалыптастыру мен бөлу ережелері; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар дайындауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру ережелері; білім бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қабылдау қорытындысы бойынша мониторинг өткізу ережелері; «ЖОО үздік оқытушысы» атағын беру ережелері, білім грантын беру ережелері; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік ережелеріне сәйкес білім алушыларды ауыстыру және қалпына келтіру ережелері; базалық жоғары оқу орындарында PhD докторларын мақсатты дайындау механизмі; басқарма құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекетік қызмет көрсетуге талдау жасау («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім бағдарламалары бойынша оқу үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және тіркеу» және осы мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне талдау жасау; «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру»; еңбек нарығының қажеттіліктеріне және жұмыс берушілердің күтілімдеріне сәйкес, мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын уақтылы қалыптастыру мен бөлуді қамтамасыз ету; жоғары оқу орындарыынң арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар дайындауға, ЖОО дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету; жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің ұлттық бірыңғай тестілеуін дайындау мен өткізуді ұйымдастыруға; жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің кешенді тестілеуін дайындау мен өткізуді ұйымдастыруға;; ҰБТ-ны жаңа форматын жетілдіру; стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу ережелерін әзірлеу, келісу және бекітуге ұсынуға; жоғары оқу орындарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг өткізуді қамтамасыз ету; ақылы негізде білім алушыларды мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқытуға ауыстыру жұмысын ұйымдастыру; «ЖОО үздік оқытушысы» атағын беру бойынша республикалық конкур өткізуді ұйымдастыру; білім гранттарын беру бойынша Республикалық конкурстық комиссияның жұмысын өткізуді ұйымдастыру; белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде комитет пен министрліктің бөлімшелерімен, аумақтық Ғылым және жоғары білім органдарымен және мемлекеттік басқарудың басқа органдарымен, білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесу; басқару жұмысын ұйымдастыру және орындаушылық тәртіптің бақылануын қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік өтінімді дайындау және қалыпастыруға ұсынымдар енгізу; Басқарманың құзыреті шегінде стратегиялық, бағдарламалық құжаттардың (көрсеткіштер, индикаторлар, іс-шаралар) жүзеге асырылу мониторингін жүргізуге және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге; Министрліктің Стратегиялық жоспарын, Операциялық жоспарын, Жоспарын және негізгі іс-шараларының желілік кестесін, Министрліктің тапсырмаларын басқармасының индикатор мен көрсеткіштерінің және шараларын орындау мониторингін өткізу; Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін ҚР ӘМ мемлекеттік тіркеуге жолдау; Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жариялануын қамтамасыз ету; Комитеттің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша басқа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Министрлік басшылығы үшін Министрлік алқасының отырыстарына, ҚР Үкіметінің отырыстарына және Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа іс-шараларға есептер, талдау материалдарын және анықтамалықтар дайындау; жоғары оқу орындарында білім беру қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін түсіндіретін нұсқама хаттарды әзірлеу. Комитеттің құзыреті шегінде азаматтарды қабылдау, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін уақтылы және толық қарау, олар бойынша шешім қаблыдау және ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде жауаптар жолдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.tilegenova@sci.gov.kz
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61