ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің Стратегия және жобалау қызметі басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындау; Комитет әкімшілендіретін республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған кезеңге басқарманың бюджеттік өтінімдерін дайындауға және қалыптастыруға қатысу; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінде стратегиялық және Операциялық жоспар мен Жұмыс жоспарының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыруды үйлестіру; инновацияларды енгізу тетіктерін жетілдіру; ЖОО-лар қызметінің бағыттары бойынша ЖОО-ларда өзгерістер офистерін және жобалау басқармаларын құру; шетелдік инвесторлар кеңесінің қолдауымен акселератор кеңсесін ашу мәселесін пысықтау; ҒЗТКЖ (R&D) нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жұмысты үйлестіру; академиялық артықшылық орталықтарын құру есебінен өңірлік жоғары оқу орындарында зерттеу экожүйесін қалыптастыру; жобаларды ілгерілетудің, инновациялық қызметті ынталандырудың халықаралық тәжірибесін зерделеу және оны қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ инновациялық сипаттағы халықаралық жобаларға қатысу; инвестицияларды тарту бойынша ҰЭМ іске асыратын жобаларға ҒЖБМ жобаларын енгізу мәселесін пысықтау. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің стратегиялық және операциялық жоспары мен Жұмыс жоспарының, Қазақстан Республикасының «Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жобасының; Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар шеңберіндегі іс-шаралардың; Мемлекет басшысының ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында берілген тапсырмалары шеңберіндегі іс-шаралардың, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының қорытынды мониторингі; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінде жобалау басқармасының қызметін үйлестіру; жобалар мен инновацияларды ілгерілету, инвестициялар тарту, ЖОО-ның ғылыми қорлармен және грант беруші ұйымдармен байланысын үйлестіру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде жобалар мен инновацияларды ілгерілету үшін бизнес-қоғамдастық тарту үшін серіктестер іздеу; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салалық ұйымдарының ректорлары мен проректорларының кандидатураларын келісу; құзыретке кіретін мәселелер шегінде басқарма, комитет, министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.tilegenova@sci.gov.kz
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61