ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің Стратегия және жобалау қызметі басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2023 жылғы 12 маусым аралығында)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындау; Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарында жобалар мен инновацияларды ілгерілету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру; жоғары білім беру саласындағы стратегиялық, бағдарламалық құжаттардың негізгі ережелерін әзірлеу; Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарында инновациялық экожүйе мен мәдениетті қалыптастыру; ғылыми-инновациялық және әдістемелік сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ жоғары оқу орындарына жобалар мен инновацияларды ілгерілету бойынша консультациялық қолдау көрсету; Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері іске асыратын жобаларға инвестициялар тарту бойынша ҒЖБМ жобаларын енгізу жөніндегі мәселені пысықтау; коммерциялық емес акционерлік қоғамдар меншіктің жаңа нысанына көшу шеңберінде ЖОО жанынан эндаумент-қорлар құру; ЖОО-ның жаңа ұйымдастырушылық архитектурасын енгізу бойынша жұмысты үйлестіру; жоғары оқу орындарында бизнес-инкубаторлар, технопарктер, инновациялық кластерлер құру және олардың жұмыс істеуі жөніндегі жұмысты үйлестіру; басқару мәселелері бойынша ақпаратты, есептерді, анықтамаларды дайындау, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Директорлар кеңесінің, басқарма мүшелерінің, корпоративтік хатшыларының құрамы бойынша ұсыныстар енгізу; ведомстволық бағынысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлеу; Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салалық ұйымдарының ректорлары мен проректорларының кандидатураларын келісу; құзыретке кіретін мәселелер шегінде басқарма, комитет, министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.01.2023 – 26.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 40 Мб

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61